Қалайсың достым аманбысың. Кезіп жүрмін қаңғырып қала ішін. Зергіп кетіп достардан тыс алшақ жүрмін. Алысқа алып кетсем барамысың. Түн салқынмен күн кешіп оңашада. Жарқырап тұр құлпырып мына қала. Жан жарасын көп жандар түсіне бермес. Алыс кеттім достардан мен бір шама. Жандармызғой түн батса көз ілмейтін. Шерткім келет мұңымды оңашада. Тыңдар жан жоқ зер сала түсіндім дейтін. Күліп тұрып мұңымнан жасып қалам. Торлайды ой улайды жан ұқпаған. Мен өзіңді мұңдасым қылсам деймін. Айта бер деп тыңдаудан жалықпаған. Мұңайғанда жаңбыр боп кеп төгілген. Күркіреймін көк аспан боп оңашада. Бұлқынамын бұлтпенен түн батқанда. Мұңдарымды жауынғып жауып ішем. Есіңкіреп жел боп есем таң атқанда. Күндіз бірақ жарық түссе тынышталам. Кез болмаған қабағым тырыспаған. Айналамды бақылап жүрем ылғи. Керемет менде деген ту ұстанам. Қайдан білсін жұрт менің жан дүниемді. Көрсетпеймін жұртқа оғаш еш бір белгі. Қансыраған қайғымды іштей жұтам. Түсіндіңба енді мені өзіңдей бір пендені... ( АбуНаср Табынаев )

Теги других блогов: продвижение SEO Google